Л.С. Жақаеваның Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысында сөз сөйлеуі

2025 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.М. Рахметуллинаның басшылығымен ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы өтті, оған Жоғарғы Соттың судьялары, ғылыми-консультативтік Кеңестің тиісті секциясының мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Жоғарғы Соттың 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық істер бойынша тұтас кассацияны және кассациялық соттардың алдағы қызметін енгізуге қатысты мәселелер бойынша қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты дайындалған «Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулысының жобасы талқыланды.

Өз сөзінде ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Лейла Сұлтанқызы Жақаева заңнаманы дұрыс қолдану және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету үшін осы нормативтік қаулының ерекше маңыздылығын атап өтіп, оның жобасын жетілдіру бойынша жекелеген ұсыныстарға назар аударды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024