Қылмыстық-құқықтық пәндердің ҒББО ғылыми-практикалық семинар өткізді

2025 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі Академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы «Жаза институтын және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Іс-шараға академияның ПОҚ және магистранттары, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты: Сыздық Болат Кенелұлы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Лингвистика орталығының басшысы; Хасенова Алмагуль Рашитовна, ҚР ПІБ МТҚБ жанындағы Парламентаризм институтының Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының бас маманы; Кыздарбекова Баян Жакеновна, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бас ғылыми қызметкері; Нұрхан Айбар Серікұлы, PhD, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Прокурорлық қадағалау кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылыми-практикалық семинар аясында бірқатар мәселелер талқыланды, соның ішінде: қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының түсінігі мен жүйесі; негізгі жазаларды құқықтық реттеу және оларды тағайындау практикасы; қосымша жазалар, оларды өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына трансформациялау перспективалары; өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының жүйесін жетілдіру мәселелері. Семинарға қатысушылар талқылауға ұсынылған мәселелер бойынша өздерінің сараптамалық пікірлерін білдірді, атап айтқанда, жаза тағайындау тәжірибесінде теңгерімсіздікке әкелетін жазаның жекелеген түрлерін құқықтық реттеудегі олқылықтарға; өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының жазалармен арақатынасы туралы мәселені ашық күйінде қалтырып отырған қылмыстық заңнамада алғашқылардың нақты жүйесінің болмауына назар аударды.

Өткізілген пікір алмасу болашақ судьяларды өздерінің кәсіби қызметінде кездесетін нақты сын-қатерлерге, соның ішінде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының көлемі бойынша салмақты шешімдер қабылдау қажеттілігіне дайындау мақсатын көздейді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024