Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 30 сәуірде ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малаховтың қатысуымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Дмитрий Михайлович өз сөзінде Академия ұжымына ол басқарып отырған мемлекеттік органның қарамағына өткен сәттен бастап атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген міндеттерді тиімді іске асыруды жалғастыруды тіледі.
Отырыста 2024-2025 оқу жылының 2 жартыжылдығындағы жазғы емтихан сессиясының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Академия магистранттарының Висмар қаласының Қолданбалы ғылымдар университеті жанындағы Шығыс институтында (Ostinstitut/Wismar) (Германия) және «В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті» Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінде тағылымдамадан өту (онлайн режим) нәтижелері қаралды.
Ғылыми кеңес мүшелері Н.А. Шайкеновты еске алуға арналған «Заңнама және сот төрелігі: заң мен сот практикасының ара қатынасы» тақырыбындағы магистранттар мен докторанттардың ІХ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясының электрондық материалдар жинағын талқылап, басылымға ұсынды.
Сонымен қатар, Академияның қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы ақпарат тыңдалды.