Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылдың 1 маусымынан бастап Әділет академиясында бейінді (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл) бағыттар бойынша магистратураға құжат қабылдау басталды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 2025 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Р. Сембекова және қосымша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Д.А. Мергембаев Академияға қабылдау ережелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, «Сот және әділет» білім беру бағдарламасына түсу шарттары мен ерекшеліктері туралы сұрақтарға жан-жақты жауап берді.