Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкіліның визиті

2025 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) делегациясын қабылдады.

Түрік делегациясы құрамында TİKA-ның Қазақстандағы өкілі Фуат Ердоғмуш, Анкарадағы TİKA өкілі Абдулкадир Абукан және Қазақстандағы TİKA Өкілдігінің ассистенті Жанайым Қуандық болды.

Қазақстан тарапынан кездесуге А.Б. Кайжакпарова, Жоғары Сот Кеңесінің Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлім меңгерушісі; К.К. Мусин, Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарушы; Б.Р. Сембекова, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы директоры; және Г.О. Такишева, ғылыми-зерттеу және халықаралық жобалар бойынша координатор қатысты.

Кездесу барысында тараптар ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты, соның ішінде мамандарды даярлау, қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру перспективаларын талқылады. Арнайы назар тәжірибе алмасу, бірлескен дәрістер мен курстар өткізу, сондай-ақ сот саласында кәсіби стандарттарды нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға аударылды.

Қатысушылар Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени құндылықтардың ұқсастығы мен көпжылдық достықты атап өтті, бұл екіжақты қарым-қатынасты дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға берік негіз болып табылады.

Бұл кездесу екі елдің сот-құқықтық білім саласындағы ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан үшін де, Түркия үшін де пайдалы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам болары сөзсіз.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024