2025 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Құқық академиясында саяси ғылымдар докторы, профессор, Мемлекет тарихы институты бөлімінің жетекшісі Жексембекова Венера Абыхановнаның қонақ дәрісі өтті.
Профессор В.А. Жексембекованың дәрісі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» тақырыбындағы жолдауын талдауға арналды.
Іс-шараны Құқық академиясының ректор міндетін атқарушы К.К. Мусин ашып, Президент жолдауында көрсетілген қазіргі заманғы сын-қатерлерді түсінудің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі.
Бұл шараға академия магистранттары қатысып, жолдаудағы негізгі идеяларды саяси ғылымдар және мемлекеттік стратегия тұрғысынан талқылап, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Өз сөзінде Венера Абыханқызы бұл стратегиялық жолдаудың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын жаңа цифрлық шындық жағдайында айқындайтынын атап өтті.
Жолдаудың басты тақырыбы кең ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын экономика мен мемлекеттік басқарудың барлық салаларына енгізу болды.
Президент елімізді қысқа мерзім ішінде заманауи цифрлық мемлекетке айналдыруды басты міндет етіп қойды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін: Цифрлық кодексті цифрландырудың құқықтық негізі ретінде қабылдау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, басқару процестерінде үлкен деректер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдану, цифрлық активтерді, оның ішінде цифрлық теңгені және мемлекеттік крипторезервті дамыту, сондай-ақ Орталық Азиядағы алғашқы толық цифрлық қала Alatau City жобасын іске қосу секілді бірқатар шаралар қарастырылған.
Сондай-ақ, жаңа инвестициялық циклді іске қосу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент цифрлық трансформацияның негізгі қозғаушы күші ретінде азаматтар мен кәсіпкерлердің рөлін айрықша атап өтті.
Жолдаудың айтарлықтай бөлігі елдің сыртқы саяси бағытына арналған. Қазақстан көпвекторлы дипломатияны жүйелі түрде жүргізуді жалғастырып, Қытай, Ресей, Түркия, Орталық Азия елдері, АҚШ және Еуроодақпен байланыстарын нығайтып келеді.
Академия магистранттары дәріске жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысып, Президент жолдауының негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі талдап, дәріс үшін өз ризашылықтарын білдірді.