Әлсіз топтардың әділ сотқа қол жеткізуі: Ұлыбритания тәжірибесі

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Әлсіз топтардың әділ сотқа қол жеткізуі: Ұлыбритания тәжірибесі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәрісті Ұлыбритания сот жүйесінің өкілдері — Округтік судья, Жоғарғы соттың судьясының орынбасары Рэйчел Карп, Округтік судья, Қамқоршылық істері жөніндегі соттың судьясы (отставкадағы) Маргарет Глентворт және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің адам өлшемі бойынша аға кеңесшісі Николас Мазик жүргізді.

Іс-шараға Жоғары Сот кеңесінің, ЕҚЫҰ-ның, Қазақстан сот жүйесінің өкілдері, адвокаттық қауымдастық, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары қатысты.

Ашылу салтанатында Жоғары Сот кеңесі Аппараты басшысының орынбасары Құрмантаева Лаура Серікқызы және Сот төрелігі академиясының ректоры міндетін атқарушы Мусин Қанат Қалқаманұлы құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті. Олар халықаралық әріптестікті дамыту мен сот білімі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда бұл дәрістің ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

Ұлыбританиялық сарапшылар Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы мен Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны қоса алғанда, халықаралық стандарттарды қолдану тәжірибесін ортаға салды. Дәріс барысында балалардың, әрекетке қабілеттілігі шектеулі тұлғалардың және зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сот төрелігін тиімді ұйымдастыру үшін заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізудің өзектілігі сөз болды.

Іс-шара мазмұнды пікір алмасумен жалғасып, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға толық әрі жан-жақты жауап алды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024