«Заң және тәртіп: сот шешімдерінің орындалуы» – QAZAQ RADIOSY эфирінде

2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының жетекші ғылыми қызметкері Нұртан Азамат Ерланұлы «Мінбер» бағдарламасының тікелей эфирінде QAZAQ RADIOSY журналисі Азамат Жомартұлына «Заң және тәртіп: сот шешімдерінің орындалуы» тақырыбына сұхбат берді.

Сараптамалық сұхбат аясында Азамат Ерланұлы тыңдаушылардың назарын атқарушылық іс жүргізудің маңыздылығына назар аудара отырып, елдегі сот шешімдерін орындаудың негізгі аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік сот және төрелік шешімдерді орындау бөлігінде түсініктемелер берілді.

Спикер әрбір азаматтың сотта, сондай-ақ шешімдерді орындау барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге құқығы бар екенін атап өтті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024