


2025 жылғы 2 қазанда ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мерекесі аясында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлары Т.С. Нурышева, А.А. Биебаева және магистранттары рухани сусындау мақсатында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Абай» қойылымын тамашалады.
Аталған қойылым Абайдың туған жері мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігін, ел ішінде білім пен бірлік идеяларын жанкештілікпен насихаттауын, жас буынды қолдауын, сондай-ақ оның риясыз махаббатқа деген көзқарасын бейнелейді.
Абайдың философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер ететіні және кез келген адамның дүниеге көзқарасын, болмысын, азаматтық ұстанымын қалыптастыратыны сөзсіз. Сот төрелігі академиясының оқытушылары және магистранттары патриоттық рухтағы, жан дүниесі таза, мәдениетті ортаны қалыптастыруға ат салысуда.
«Абай» қойылымы болашақ судьяларға ерекше әсер сыйлады, әсіресе қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы дау және билік айту көріністері таңдаған мамандықтарының тарихи тамырына терең бойлауға мүмкіндік берді.