



2025 жылғы 6 қазан күні Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы «Шетелдік сот және төрелік шешімдерін Қазақстанда тану және тиімді орындау: сот орындаушылары мен судьялардың тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Сот әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау комитетінің өкілдері, Жеке сот орындаушыларының Республикалық және аймақтық палаталарының өкілдері, сондай-ақ арбитрлар қатысты.
Дөңгелек үстел аясында ұлттық сот тәжірибесінде шетелдік шешімдерді танудың өзекті мәселелері және оларды сот орындаушылары жүзеге асыратын орындау тетігі қаралды. Халықаралық шарттарды қолдануға және олардың ішкі заңнамамен арақатынасына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, осы саладағы нормативтік базаны және құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіру бойынша конструктивті ұсыныстар жасады және ұсынымдар әзірледі.
Талқыланған тақырып қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, белсенді пікір алмасуға және мазмұнды талқылауға себеп болды.
Дөңгелек үстел шетелдік шешімдерді тану және орындау институтын дамытуға ықпал ететін ғылыми қауымдастық пен практик мамандар арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.