Академияның Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ұйымдастырған конференциясына қатысты

2025 жылғы 22 қазанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Қазақстандағы арбитраж: қазіргі жағдайы және даму перспективасы» тақырыбында тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына судьялар, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, арбитраждық институттар, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысты.

Сот төрелігі Академиясының Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры Майгуль Нестаевна Абилова конференцияға қатысып, «Арбитражда қолданылатын құқық мәселелері (шетелдік элементпен дауларды қарау кезінде)» тақырыбында баяндама жасады.

Өз баяндамасында М. Абилова тараптардың ерік-жігерінің дербестігі және төрелікте қолданылатын құқықты айқындау мәселелерін ашты.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар арбитраж саласын және оның сотпен өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024