Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 24 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет еліміздің барлық өңірлерінен келген аудандық соттардың төрағалары қайта даярлау курсынан өтті.

Дәрістерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, кассациялық және облыстық соттардың судьялары, Сот төрелігі академиясының, басқа да жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, Сот әкімшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ұлттық мекемелердің сарапшы мамандары өткізді.

Қайта даярлау курсының сабақтары төрағалардың тұлғалық және кәсіби құзыреттерінің жоғары стандарттарына қол жеткізуіне, әдеп пен моральдық қасиеттерін арттыруына, ұйымдастырушылық және көшбасшылық дағдыларын дамытуына бағытталды. Сонымен қатар, курс сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, біліктілік талаптарына сай кәсіби дағдыларды жетілдіруге, ұлттық заңнама мен халықаралық құқықтағы және сот практикасы саласындағы жаңашылдықтарды меңгеруге арналған. Сабақтар барысында қатысушылар заңнама нормаларын ел аумағында біркелкі талқылау мен қолдануды қамтамасыз ету бойынша білімдерін жүйелендіріп, тереңдетті.

Курстың соңында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.М. Малахов дәріс өткізген Жоғарғы Сот судьяларына және курста жоғары белсенділік танытқан аудандық сот төрағаларына алғысын білдірді.

Қайта даярлау курстары жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды және аудандық сот төрағаларының үлкен қызығушылықтарын тудырды. Қатысушылар ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге курстарды өткізудің жоғары деңгейі үшін алғыстарын білдірді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024