


Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың тапсырмасын орындау мақсатында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының жұмыскерлері үшін ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Іс-шара Сот төрелігі академиясы жұмыскерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық жүйелерді қауіпсіз пайдалану дағдыларын нығайтуға, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлерді түсінуді дамытуға бағытталған.
Семинар аясында маман О.Н. Сарсембаев ақпараттың ағып кетуін болдырмау шаралары және электрондық ресурстармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері туралы айтып берді.
Сот төрелігі академиясының жұмыскерлері ұсынылған материалдардың практикалық құндылығын және алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігін атап өтті. Осындай оқыту іс-шараларын өткізу цифрлық қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға ықпал етеді.