20 қарашада «Атамекен» телеарнасында «Мемлекеттік қызметтегі адал азамат – қоғам сенімінің тірегі» тақырыбында «Сұхбат» бағдарламасының арнайы шығарылымы шықты. Аталған іс-шараға жетекші ұлттық сарапшылардың бірі — Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндердің Ғылыми-білім беру орталығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Қайыржанович Бурбаев қатысты.
Сұхбат барысында Төлеуғали Қайыржанович кімді адал азамат деп атауға болатыны, мемлекеттік қызметші үшін адалдық нені білдіретіні, адал азаматты ұлттық құндылық ретінде қалыптастырудың қандай жолдары бар екендігі туралы өз пікірімен бөлісті.
Спикер: «Жаһандану дәуірінде әр ұлт өзін сақтап қалу үшін тек тілі мен мәдениетін ғана емес, құндылықтарында қорғау керек. Сол құндылықтардың бірі-адалдық. Егер біз ұлт ретінде адалдықты бағаламасақ, болашақ ұрпақ та бұл қасиетті өз өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдамайды», атап өткендей.
Т.К. Бурбаев адамгершілік тәрбие, рухани бағдарларды нығайту және болашақ судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне үлкен мән беретін сот төрелігі академиясының рөліне ерекше назар аударды.