Академияның Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 27 қарашада ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста келесі сұрақтар қаралды: Академияны ақпараттандыру және цифрландыру жағдайы туралы, Академия магистранттарының (бейіндік бағыт) кәсіптік практикаға дайындық барысы туралы және Академияның облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқу орталықтарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету туралы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ақылы қызметтер көрсету құнын қалыптастыру тәртібі туралы ереженің жобасы талқыланды.

Ғылыми кеңес мүшелері «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы» РММ Ақпараттық қауіпсіздік саясатының жобасын мақұлдады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024