16 желтоқсанда «Атамекен» телеарнасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Сұхбат» бағдарламасының арнайы шығарылымы шықты. Сұхбатқа Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық-құқықтық пәндердің Ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Ошақбайұлы Егембердиев қатысты.
Сұхбат барысында спикер мерекенің маңыздылығы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи аспектілері және ұлттық бірегейлік пен азаматтық бірлікті нығайтудағы құқықтық мемлекеттің рөлі туралы айтып берді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қазіргі қазақстандық қоғам құрылып жатқан егемендік, демократия және құқық үстемдігі құндылықтары туралы маңызды ескерту болып табылады.