16 желтоқсанда «Jibek joly» телеарнасында «Тәуелсіздік Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде» тақырыбында «Бүгін live» бағдарламасында арнайы шығарылым шықты.
Аталған іс-шараға жетекші ұлттық сарапшылардың бірі – Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндердің Ғылыми-білім беру орталығының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаев қатысты.
Сұхбат барысында Төлеуғали Қайыржанұлы 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мемлекеттіліктің негіздерін қалыптастырғанын, нарықтық экономика құрғанын, құқықтық институттарды нығайтқанын және халықаралық аренада лайықты орын алғанын атап өтті.
Спикер Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы тәуелсіз және құзыретті судьялар корпусын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын айтты.
Төлеуғали Қайыржанұлы жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан тәуелсіздікті орнықты даму мен ел болашағының берік негізі ретінде қарастыра отырып, көпвекторлылық, цифрландыру, ғылым мен білім беруді дамыту саясатына сүйенетіні туралы өз пікірімен бөлісті.