


2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында Конституциялық Сот судьяларының, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ құқық саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің алтыншы отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде Конституциялық сот шешімдерін орындау мәселелері, сондай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етудің азаматтық-іс жүргізу аспектілері қаралды.
Сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық аспектілері туралы мәселені талқылауға ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Лейла Султановна Жакаева қатысты.
Өз сөзінде әркімнің сот арқылы қорғалу құқығының мазмұны туралы конституциялық нормаларды талдау негізінде ол осы мәселені құқықтық реттеу мәселелеріне және оларды шешудің оңтайлы тәсілдеріне назар аударды.