Сот төрелігі академиясында судьялыққа кандидаттар үшін қарқынды құқықтық тренингтің ашылуы өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында судьялыққа кандидаттарға арналған қарқынды құқықтық тренингтің ашылуы өтті.

Қарқынды құқықтық тренинг Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Сот әкімшілігі , Сот төрелігі академиясы және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп өткізіледі.

Іс-шараның модераторы Оралова Евгения Жанатовна болды – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің құқықтық мәселелер жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.

Құқықтық тренингтің ашылуында құттықтау сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі – Ерлан Жумаханович Айтжанов, Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Асылбек Сейлханович Мусралинов, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің Басшысы – Елші Алексей Александрович Рогов, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. – Канат Калкаманович Мусин, Заң Жоғары мектебінің деканы – Ольга Сергеевна Бектибаева.

Тренингтің мақсаты – судьялыққа кандидаттарды даярлау сапасын арттыру, құқықтық талдау, дәлелдеу және сот құжаттарын жасау бойынша практикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ біліктілік емтиханының барлық кезеңдеріне — компьютерлік тестілеуден бастап Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы мүшелерімен әңгімелесуге дейін – кешенді түрде дайындық жүргізу.

Тренингке 100-ден астам қатысушы қатысуда, бұл судья лауазымына іріктеу барысында ең даяр әрі бәсекеге қабілетті кандидаттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Құттықтау сөздері аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін заңнаманы білуге арналған сынақ тестілері ұйымдастырылды. Бұдан басқа Жоғары Сот Кеңесінің өкілі – С. Салимжанова, сонымен қатар әділет академиясының профессорлары – К.К. Мусин, А.А. Биебаева и Р.Р. Султанов, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға дайындалуға бағытталған тренингтер өткізілді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024