











Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары оқу бағдарламасы аясында көшпелі дәрістерге қатысты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.М. Малаховтың бастамасымен және қолдауымен алдымен Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотында, содан кейін – Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотында ұйымдастырылып, өткізілді.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта тақырыптық кездесу азаматтық істер жөніндегі Кассациялық соттың Төрағасы А.С. Смайловтың құттықтау сөзінен басталды, онда кассациялық соттың сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етудегі маңызы, оның төменгі сатыдағы соттар үшін бағдарлаушы рөлі, сондай-ақ азаматтық істерді кассациялық қайта қараудың негізгі міндеттері атап көрсетілді.
Іс-шара аясында Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьялары Л.Б. Мамырбаева, А.Т. Абдыкулова, А.К. Тогумбетова, Н.А. Жумагулова және сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н. Махаш баяндама жасады. Іс-шара барысында азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың өкілеттіктері, жеке тұлғалардың банкроттық жөніндегі істерді қайта қарау ерекшеліктері, экологиялық заңнама саласындағы азаматтық істерді қараудың сот практикасы, сондай-ақ статистикалық деректерді келтіре отырып, азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта іс жүргізу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьялары А.Д. Калимукашева, Г.Б. Даулетова, Т.А. Макулов, С.М. Мырзахметов, М.К. Сатыбалдин және сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Абдиева баяндама жасады. Кездесу барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қайта қарау мәселелері, қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну тәртібі, кассациялық саты сотының өкілеттіктері, жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істерді қайта қараудың ерекшеліктері, судья қызметінің әдістемелік аспектілері, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттағы іс жүргізу тәртібі статистикалық деректер келтіріле отырып жан-жақты таныстырылды.
Академия магистранттары талқылауға белсенді қатысып, қозғалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, оларға кассациялық соттардың судьяларынан түсініктемелер мен тәжірибеге бағдарланған жауаптар алды.
Өткізілген көшпелі сабақтар магистранттардың сот практикасы мен сот білімі арасындағы байланысты нығайтып, практикалық даярлық деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты.