


Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқу семинары өткізілді. Аталған семинар Академияның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі саясаты мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ұйымдастырылды.
Семинарға Академия жұмыскерлері қатысып, онда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметтік және таралымы шектеулі ақпараттарды қорғау мәселелері қаралды. Сондай-ақ қатысушылардың өзекті сұрақтары бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
Мұндай іс-шаралар жұмыскерлердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы хабардарлықтарын арттыру мен Академияның ақпараттық ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.