Сот төрелігі академиясында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі А.Б. Сқақовтың Қазақстанның қылмыстық саясатының өзекті мәселелері бойынша қонақ дәрісі өтті

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ-нің Қостанай академиясының жазалауды орындауды ұйымдастыру және қылмыстық құқықығы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Айдарқан Байдекұлы Сқақов Сот төрелігі академиясының магистранттары үшін қонақ дәріс өткізді.

Дәріс барысында Қазақстанның қылмыстық саясатының өзекті мәселелері, оның ішінде қылмыстық заңнаманы жетілдіру, қылмыстың алдын алу, жазалардың тиімділігі және қылмыстық әділетті реформалаудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

Дәріс ашық диалог форматында өтті. Магистранттар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті, бұл мазмұнды кәсіби пікірталас құруға мүмкіндік берді.

Жоғары Сот Кеңесі мүшелерінің қонақ дәрістері тұрақты негізде өткізіледі. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов ұсынған бастама болашақ судьяларды кәсіби даярлауға жаңартылған тәсілдің бір бөлігі және Сот төрелігі академиясының магистранттарын даярлауды жетілдірудегі маңызды қадам болды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024