Сот төрелігі академиясында Орталық Азия бойынша UNHCR Өңірлік өкілімен кездесу өтті

2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (UNHCR) Орталық Азия бойынша жаңадан тағайындалған Өңірлік өкілі Махир Сафарли мырзамен кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ UNHCR Орталық Азия бойынша құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Балжан Ошақбаева және құқықтық мәселелер жөніндегі маманы Мейрам Рахимбеков қатысты.

Кездесу барысында UNHCR өкілдері Академия басшылығын ұйымның мандаты және өңірдегі қызметімен таныстырып, Қазақстан Республикасындағы босқындар, пана іздеушілер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты өзекті деректерді ұсынды. Сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан білім беру жобалары мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағыттары туралы ақпарат берді.

Тараптар практикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, UNHCR жекелеген білім беру модульдерін судьялардың біліктілігін арттыру бағдарламаларына енгізу, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар үшін қонақ дәрістер мен тақырыптық кездесулер ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды. Мұндай ынтымақтастық білім алушылардың халықаралық құқық және босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау стандарттары саласындағы білімін тереңдетуге ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады. UNHCR-мен өзара іс-қимылды дамыту Сот төрелігі академиясының халықаралық бағыттағы қызметін нығайтып, оны сот білімі мен ғылыми сараптама саласындағы заманауи орталық ретінде орнықты халықаралық беделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024