Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы базасында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың судьяларына арналған біліктілікті арттырудың кезекті курсы өткізілді

Оқыту онлайн және офлайн форматтарда ұйымдастырылып, елдің барлық өңірлерінен келген мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың шамамен 30 судьясын қамтыды.

Бағдарлама кәсіби құзыреттерді жетілдіруге және экономикалық дауларды қарауда бірізді тәсілдерді қалыптастыруға бағытталды.

Лекторлар ретінде Жоғары Сот Кеңесі мүшелері, Кеңес аппаратының басшылығы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, кассациялық сот, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ азаматтық құқық саласындағы ұлттық сарапшылар сөз сөйледі.

Курс аясында корпоративтік даулар, заңды тұлғалардың банкроттығы және мемлекеттік сатып алулар саласындағы дауларды қоса алғанда, экономикалық дауларды шешудің өзекті мәселелері, дәлелдемелерді бағалау, сот шешімдерін жою немесе өзгерту негіздері, шарттарды өзгерту және бұзу істерін қарау тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар медиация, онлайн мәмілелер кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, электрондық дәлелдемелердің ерекшеліктері және жаңа әрі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Сот жюриі тәртіптік практикасына шолу, судьялық әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл шаралары қаралды.

Сот төрелігі академиясы базасында офлайн курстарды іске асыру Жоғары Сот Кеңесінің судья кадрларын даярлау жүйесін дамытудағы маңызды кезең болып табылады және судьялар корпусының кәсіби деңгейін нығайтуға, сот практикасының бірізділігін қалыптастыруға бағытталған.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024