Қабылдау телефон нөмірі
Қыркүйек айының басы Қазақстан Республикасына Түркия Әділет академиясының делегациясы, атап айтқанда, Түркия Әділет академиясының президенті Мухиттин Оздемир мырза, Түркия Әділет министрлігінің Заңнама жөніндегі бас директоры Мехмет Окмен мырза, сонымен қатар судья, Түрік Әділет академиясының оқытушысы Огуз Гөкхан Йылмаз мырзаның келуімен есте қалды.
2024 жылғы 4-7 қыркүйек аралығында Түркия Әділет академиясының делегациясы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Конституциялық сотымен, Құқық қорғау органдары академиясымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясымен кездесулер өткізді.
2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Академия қызметкерлерінің Түркия делегациясымен кездесуі өтті, оның барысында тараптар Қазақстан мен Түркияның сот қызметін және сот жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін талқылап, судьялыққа кандидаттарды даярлау бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты, сондай-ақ, екі Академия қызметінің тенденциялары мен келешегі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қонақтар Академия магистранттарына арналған практикалық сабаққа да қатысты.
2016 жылғы 4 мамырда Түркияның Әділет академиясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде судьялардың, судьялыққа кандидаттар мен оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында өзара әрекеттесудің жолдары талқыланды.