28 ақпан 2025 жылы «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру

28 ақпан 2025 жылы «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру: жетістіктер мен бастамалар» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Н. Жиенбаев, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (ХСӘҚ), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Конституциялық Сотының, Жоғары Сот Кеңесінің, Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сот әкімшілігін жаңғырту, судьялардың кәсіби қызметін бағалау жүйесін жетілдіру және тәртіптік іс жүргізу мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. Қ.Қ. Мусин баяндама жасады.
Ол өз сөзінде Сот төрелігі академиясының негізгі мақсаттары мен қызметі туралы, Сот төрелігі академиясының 2025-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы аясында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы айтып өтті.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024