Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 3 наурыз күні Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында алғашқы рет«Азаматтық-құқықтық дауларды қарау және шешу кезінде құқықтың жекелеген салаларын қолдану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша референдиат онлайн-курсын (Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды даярлау жөніндегі қарқынды курс) өткізуді бастады.
Курста құқықтың келесі салаларын зерттеу қарастырылған: азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, салық құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы, зияткерлік меншік құқығы, корпоративтік құқық, отбасы құқығы және еңбек құқығы.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Н. Бегалиев тындаушылардың алдында алғы сөз сөйледі.
Сот білімі және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары С.О. Сәлімжанова тыңдаушыларды судья лауазымына орналасу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі және біліктілік емтиханынан өту кезеңдері туралы ақпаратпен таныстырды.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға кейс мәселелерін шешу, эссе жазу және әңгімелесуден өту технологиясы туралы айтылды.
Бірінші күннің соңында тыңдаушылар құқықтың сегіз саласы бойынша білім деңгейін анықтау үшін сынақтан өтті