Адам құқықтары жөніндегі VI Еуразиялық форум

2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы «Адам құқықтары: заңнамалық реттеу және құқық қолдану практикасы» тақырыбындағы адам құқықтары жөніндегі VI Еуразиялық форум өткізеді.
Форум Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орайластырылған және оны Академия жыл сайын өткізеді. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар, ғалымдар және практикамен шұғылданатын заңгерлер, сондай-ақ, сарапшылар қатысады.
Форум жұмысы келесі секциялар шеңберінде жүргізіледі:
— Адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік-құқықтық қыры;
— Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін азаматтық-құқықтық қорғау;
— Адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғау.
Форум онлайн форматта өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 777 771 65 34 (Абилова Майгуль Нестаевна), +7 747 777 20 44 (Нұртан Азамат Ерланұлы) номерлерге және sta609@apvs.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.
Сіздерді қатысушылар қатарында көруге қуаныштымыз!

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024