Әлеуметтік желідегі Сот төрелігі академиясының жазылушыларымен онлайн кездесу

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы қабылдау комиссиясы жұмысы кезіңде Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі жазылушыларымен апта сайын онлайн кездесулер өткізеді.

Кезекті онлайн кездесуде Сот төрелігі академиясының ректорының міндетін атқарушы К. Мусин және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.Р. Сембекова магистратураға түсу кезеңдері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында және магистранттардың жеке қаражаты есебінен оқу мүмкіндіктері туралы баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар тікелей эфирде 7М04202 – «Сот және сот төрелігі» бейіндік бағыт (оқу мерзімі – 1 жыл) және 7М04201 – «Сот және сот төрелігі» ғылыми-педагогикалық бағыт (оқу мерзімі – 2 жыл) білім беру бағдарламалары бойынша сұрақтарын қоюға мүмкіңдігі болды.

Кездесу барысында Сот төрелігі академиясына түсушілерге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Академияның қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 29 шілдесінде аяқталатынын еске салады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024