Қабылдау телефон нөмірі
Ағымдағы жылдың 26 мамырында Сот төрелігі академиясында азаматтық істерді қарайтын облыстық және аудандық соттардың судьяларына «Әлеуметтік желілерде таратылған мәліметтерге байланысты ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың кейбір сұрақтары» атты тақырыпта кезекті жекелендірілген онлайн біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен азаматтық істерді қарайтын 500-ге жуық судьялары қатысты.
Семинарда ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді уақтылы және тиімді құқықтық қорғаудың маңыздылығы, сондай-ақ қазіргі жағдайда моральдық зиянды өтеудің артып келе жатқан рөлі атап өтілді.
Семинар аясында әлеуметтік желілерде жала жабу және қорлау істері бойынша заңнаманы қолданудың ерекшеліктері қарастырылды және жалған ақпарат таратумен байланысты практикалық кейс талдауға ерекше назар аударылды.
Баяндамалармен Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Максюта Елена Тагировна және Астана қалалық Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ертаева Роза Мырзакуловна сөз сөйледі.
Семинар жоғары деңгейде өтті және пікірталастар мен пікір алмасуға белсенді қатысқандар, қызығушылықтарын білдірді.