Қабылдау телефон нөмірі
2024 жылғы 27 желтоқсанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің 2024 жыл бойынша қорытынды отырысы өтті.
Отырыста құрылымдық бөлімшелердің 2024-2025 оқу жылының 1-ші жартыжылдығы бойынша есептері, сондай-ақ ғылыми-білім беру орталықтарының оқу жүктемесін орындау туралы, ақпараттық-кітапханалық жұмыс, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау және оның жай-күйі туралы ақпараттар тыңдалды. 2024 күнтізбелік жыл бойынша судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізудің қорытындылары жасалды.
Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері 2025 күнтізбелік жылға арналған Ғылыми зерттеу жұмысының жоспарын, 2-семестр пәндері бойынша білімді бақылау нысандарын, магистранттарды Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан пәндерінің тізбесін, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарының 2025 жылға арналған оқу жоспары мен жоспар-кестесін, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат және стандарттарын талқылады және бекітуге ұсынды.