Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

2024 жылғы 21 маусымда ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, онда магистранттардың кәсіптік практикадан өту жөніндегі және  «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналының шығарылымын ұйымдастыру туралы ақпарат тыңдалды.

Сонымен қатар отырыста Ғылыми кеңес мүшелері «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған «7М04201 – Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасының оқу жоспарының, Академиялық күнтізбесінің және судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарының 2024 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған жоспар-кестесінің жобаларын талқылады.

Сондай-ақ Академия қызметінің бағыттары бойынша құқықтық базаны қалыптастыру және Академияны ЖСК-нің қарамағына беру жөніндегі басқа да ұйымдастыру іс-шаралары туралы мәселелер қаралды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024