2025 жылғы 29 мамырда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Академияның қабылдау комиссиясының жұмыс барысы, магистранттардың кәсіптік практикадан өту және профессорлық-оқытушылық құрам мен жұмыскерлердің біліктілігін арттыру барысы туралы ақпарат тыңдалды .
Сонымен қатар отырыста Ғылыми кеңес мүшелері «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша («7М04201 – Сот және сот төрелігі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) және «7М04202 – Сот және сот төрелігі» (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасының 2025-2026 оқу жылына арналған Академиялық күнтізбесінің жобаларын талқылады және судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарының 2025 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған жоспар-кестесін бекітуге ұсынды.
Ғылыми кеңес мүшелері ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру туралы сұрақты да талқыға салды.