
2026 жылғы 02 ақпанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2025-2026 оқу жылының 1-семестрінің емтихан сессиясы мен Академия магистранттарының (бейіндік бағыт) кәсіптік практикадан өту қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Академия түлектерінің мониторингі туралы ақпарат тыңдалды.
Сонымен қатар, Академияның 2025 күнтізбелік жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы сұрақ қарастырылды.
Ғылыми кеңес мүшелері бейіндік бағыттағы магистранттарды Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханының бағдарламасын және Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамын талқылады және бекітуге ұсынды.
Ғылыми кеңес Түрік сот-құқықтық даярлау желісі шеңберінде ҚР Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына орай «Адам құқықтарын қорғау және тиімді сот төрелігі: ұлттық дәстүрлер мен халықаралық стандарттардың үйлесімі» тақырыбындағы Халықаралық форумның материалдар жинағын басып шығуға ұсыным жасау туралы шешім қабылдады.