Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

 

2026 жылғы 26 наурызда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2026 жылғы түлектерге арналған судья лауазымына біліктілік емтиханы және 2026 жылы «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша магистратураға түсу емтиханы бағдарламаларының жобалары талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Сонымен қатар Ғылыми кеңес мүшелері ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ, Академияның қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024