Академия магистранттары екі апталық тағылымдамадан онлайн режимде өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының 2024-2025 оқу жылына бекітілген Академиялық күнтізбесіне сәйкес «7M04201-Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы бойынша Академия магистранттары екі апталық тағылымдамадан онлайн режимде өтті.
17-21 наурыз аралығында магистранттар «Германияның әкімшілік-процедуралық және әкімшілік-іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында Висмар қаласы қолданбалы ғылымдар университетінің жанындағы Шығыс Висмар институты (Ostinstitut/Wismar) профессорлық-оқытушылық құрамының дәрістерін тыңдады.
Өз білімдерімен және практикалық тәжірибелерімен профессор, доктор Ханс-Йоахим Шрамм (Висмар университеті), профессор, доктор Андреас Штайнингер (Висмар университеті), Дмитрий Олейник (Висмар университеті), профессор, доктор Азар Алиев (Галле университеті), профессор, доктор Отто Лухтерхандт (Гамбург университеті), PhD докторы Йорг Пуделька (GIZ, Эшборн), адвокат Александр Шмагин (Берлин) бөлісті.
Тағылымдаманың екінші аптасы да өте қызықты өтті. В.Ф. Яковлев атындағы УрМЗУ лекторлары магистранттарға «Құқықтанудың өзекті мәселелері» тақырыбында тағылымдамадан өтуді ұсынды.
В.Ф. Яковлев атындағы УрМЗУ келесі профессорлық-оқытушылық құрамды ұсынды: з.ғ. к., доцент Захаров Евгений Алексеевич, з. ғ.д., доцент Азаренок Николай Васильевич, з.ғ. к., доцент Братусь Дмитрий Александрович, з. ғ. д., профессор Ренц Игорь Геннадьевич, з.ғ. д., профессор Машовец Әсия Мұхитқызы, з.ғ. к., доцент Мелюханова Евгения Евгеньевна.
Магистранттар салыстырмалы талдау жүргізу, кейстерді шешу дағдыларына ие болды, сонымен қатар пікірталастарға қатысты
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024