Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 5 қаңтарда Астана қаласының соттарында сот төрелігі Академиясы магистранттарының кәсіптік практикасы аяқталды. Тоғыз апталық кәсіптік тәжірибе магистранттардың оқу процесінде алған теориялық білімдерін іс жүзінде бекітуге, сондай-ақ болашақ кәсіптік қызметке қажетті дағдыларды игеруге бағытталған.Атап айтқанда, магистранттар сот ісін жүргізудің төрт түрі бойынша істерді қарау және шешудің тәртібін игеріп, практикалық біліммен дағдыларға ие болды. Практикадан өту қорытындысы бойынша магистранттар есептері мен сот істерінің макеттерін жасады, олар практика бойынша есептерді қорғау процесінде бағаланатын болады. Сонымен қатар, практикадан өту барысында магистранттар магистрлік жобаларды жазу үшін қажетті практикалық материалдарды жинауға мүмкіндік алды.
Кәсіптік тәжірибеден өту болашақ судьяларды даярлау процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.