Академия магистранттарының Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына баруы

Академияда білім алушылармен кураторлық жұмыс шеңберінде 2025 жылғы 23 қаңтарда Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы директорының м.а. Б.Р. Сембекова және магистранттар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барды.

Экскурсия барысында магистранттарға Қазақстанның көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бай тарихы мен мәдениетін бейнелейтін көрме залдарының экспонаттары ұсынылды.

Қазақстанның Ұлттық музейінде мемлекетіміздің сан ғасырлық тарихының куәсі болып табылатын баға жетпес артефактілер мен бірегей археологиялық олжалар сақталған.

Мұндай іс-шаралар магистранттардың ой-өрісін байытып қана қоймай, олардың жүректерінде патриотизм рухын оятып, ата-бабалар мұрасына деген құрметке тәрбиелеп, туған мәдениетін зерттеудегі одан әрі жетістіктерге шабыттандырады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024