
«Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы» ғылыми журналында (2025 жылғы № 3 (37) шығарылым) Академияның Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры Майгуль Нестаевна Абилова мен Академияның жетекші ғылыми қызметкері Азамат Ерланұлы Нұртан мақаласы жарияланды.
Мақалада азаматтық-құқықтық салада қолданылатын татуластыру рәсімдерінің мәселелері қарастырылған. Авторлардың тақырыпты таңдауы татуластыру рәсімдері саласының жеткіліксіз реттелуімен және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы бар олқылықтар мен қайшылықтармен, сондай-ақ осыған байланысты татуластыру рәсімдерін іске асыру тетігінің нақты түсінігінің болмауымен байланысты.
Авторлар татуластыру рәсімдерінің жеткіліксіз және дұрыс емес заңнамалық реттелуі олардың дұрыс қолданылмауына негіз болатынын, сондай-ақ осы тетіктерге сенімсіздік негізінде қоғамда татуластыру рәсімдері туралы бұрмаланған түсініктің қалыптасуына ықпал ететінін анықтады.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://vestnikacademy.kz/?p=3067&lang=ru#more-3067.