Профессор Я.В. Турлуковский Академия магистранттарына «Сот тәжірибесін бірынғайландырудағы Польша Жоғарғы Соты мен Польша Жоғарғы Әкімшілік сотының рөлі» тақырыбында қонақтық дәріс откізді.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот
Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына заң ғылымдарының докторы,
Варшава университетінің Азаматтық құқық институтының сауда құқығы
кафедрасының профессоры, Варшава университетінің заң және әкімшілік
факультеті деканының Шығыспен байланыс жөніндегі комиссары, Варшава
университетінің заң және әкімшілік факультетінің Шығыс Еуропа және
Орталық Азия елдерінің құқықты зерттеу орталығының директоры Ярослав
Владимирович Турлуковский мырза іс сапарымен келді.
Профессор Я.В. Турлуковский Академия магистранттарына «Сот
тәжірибесін бірынғайландырудағы Польша Жоғарғы Соты мен Польша
Жоғарғы Әкімшілік сотының рөлі» тақырыбында қонақтық дәріс откізді.
Дәріс барысында профессор Я.В. Турлуковский магистранттарға
Польша Жоғарғы Сотының және Польшаның Жоғарғы Әкімшілік сотының
қызметінің ерекшеліктері туралы, олардың сот тәжірибесін біріздендірудегі
рөлі туралы, әртүрлі санаттағы сот істерін қарау кезінде туындайтын
мәселелері туралы, тарихи Польшаның сот жүйесінің қалыптасу
ерекшеліктері туралы баяндады.
Магистратура студенттері оқытушы ұсынған тақырыпты талқылауға
белсене қатысып, біркелкі құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыру
мәселелерін шешуде Польшаның тәжірибесін зерттеуге қызығушылық
танытты.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024