Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 27 тамызда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің ағымдағы оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті.
Отырыста 2025-2026 оқу жылына Академияның магистратурасына қабылдау комиссиясының жұмысы туралы есеп тыңдалды, сондай-ақ жаңа оқу жылына дайындық барысы және 2024-2025 оқу жылының нәтижелері бойынша Академияның білім беру қызметін өзін-өзі бағалау қорытындылары туралы сұрақтар қарастырылды.
Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері жаңа оқу жылына арналған келесі құжаттарды талқылап, бекітуге ұсынды: «7М042 – Құқық» кадрлар даярлау бағыты (ғылыми-педагогикалық бағыт және бейіндік бағыт) бойынша білім беру бағдарламасының 2025-2026 оқу жылына арналған Академиялық күнтізбесі, 1-семестрдегі білімді бақылау нысандары, Академияның жұмыс жоспары, Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары және ҚР ЖСК жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау жөніндегі Ереже.