Академияның Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

2024 жылғы 3қазанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезектіотырысы өтті.

Отырыста магистрлік жобалардың тақырыптарын (сот білімі саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи бағыттарын ескере отырып) және ғылыми жетекшілерді бекіту, сондай-ақ Академияның Ғылыми кеңесінің құрамы туралы сұрақтарқаралды.

Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері судья лауазымына біліктілік емтиханының қорытындылары туралы ақпаратты тыңдады және ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобасын (Академияны халықаралық институционалдық аккредиттеу қорытындылары бойынша IQAA ескертулері мен ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстандағы сот білімінің ұйымдастырушылық шарттары туралы есепті ескере отырып) талқыға салды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024