
2025 жылғы 6 қазанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста магистрлік жобалардың/диссертациялардың тақырыптарын (ғылыми зерттеулердің заманауи бағыттарын ескере отырып) және ғылыми жетекшілерді бекіту, сондай-ақ Академияның Ғылыми кеңесінің құрамы туралы сұрақтар қаралды.
Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру туралы және судья лауазымына біліктілік емтиханының қорытындылары туралы ақпаратты тыңдады.