Қабылдау телефон нөмірі
Zakon.kz платформасында Сот төрелігі академиясының жетекші ғылыми қызметкері Нұртан Азамат Ерланұлының сұхбаты жарияланды, онда ол Академияның Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілген сәттен бастап жетістіктері туралы айтып берді.
Редакцияның Академияда болып жатқан негізгі өзгерістер туралы қойған сұрақтарына Нұртан Азамат Ерланұлының тарапынан мазмұнды және жан-жақты жауаптар берілді. Сұхбатта Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 6 өкімімен бекітілген Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасына сәйкес қызметтің негізгі бағыттары ашылды.
Сонымен қатар, Нұртан Азамат Ерланұлы магистратурада оқу үдерісін құру және Академия қызметіндегі жаңашылдықтар туралы айтып берді. Атап айтқанда, судьялар мен жоғары заң білімі бар тұлғалардың біліктілігін арттыру курстарындағы болып жатқан инновациялар, сондай-ақ Академияның ғылыми құраушысын күшейту және өткізілген ғылыми іс-шаралар туралы сұхбат берілді.
Сұхбаттың мазмұнымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35632516&pos=5;-106#pos=5;-106