Ақылы курстардың өткені туралы

2025 жылғы 29-31 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында заң консультанттары, жоғары заң білімі бар адамдар, адвокаттар үшін «Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама нормаларын қолданудың өзекті мәселелері. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курсты өткізу үшін Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы (А.А. Давлетова), Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары А.Т. Амангелдин, Ж.М. Дуйсенова, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.И. Дюсебаев шақырылды.
Курс шеңберінде салық органдарының шешімдерін даулау, ақшалай өндіріп алудың практикалық мәселелері, сондай-ақ жер, тұрғын үй заңнамаларын қолдану және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мәселелері қамтылды.
Supreme Judicial Council Republic of Kazakhstan
SUPREME COURT REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Astana city court
⁠⁠Scientific life
Paid courses
Certificate Verification
Академия логотипі

© Academy of Justice under the Supreme Judicial Council of the Republic of Kazakhstan, 2024