

2025 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры А.А. Биебаева, сондай-ақ 3-топтың магистранттары орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің аттас поэмасы бойынша қойылған «Бахчисарай субұрқағы» балетін тамашалады.
Магистранттар екі мәдениеттің – талғампаз Еуропа мен ынтызар Шығыстың қарама-қайшылығына негізделген махаббат, қызғаныш және кек туралы драмалық оқиғаға негізделген балет идеясынан рухани сусындады, балет труппасы әртістерінің әсем де мінсіз техникасынан, шабыттанған орындауынан, оркестр әуендерінен, декорациялардан, костюмдерден эстетикалық ләззат алды. Сондай-ақ, оларға қазақтың ұлттық нақыштарын ескере отырып, әлемдік сәулет өнерінің үздік классикалық дәстүрлерінде салынған Орталық Азияның ең ірі театры – «Астана Операның» атмосферасы үлкен әсер қалдырды.
Мұндай іс-шаралар жабырқау көңілді жібітеді, күнделікті күйбең тірліктен бас үзуге көмектеседі, болашақ судьялардың бойында сұлулық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, адамзаттың бай мәдени мұрасымен таныстырады.