«Азаматтық процестік заңнамасының нормаларын қолдану» пәнінен іскерлік ойын ретінде сот отырысы өткізілді

Оқытудың интерактивті түрлері өте алуан және олар Академияның оқу процесінде кеңінен қолданылады. «Азаматтық процестік заңнамасының нормаларын қолдану» пәнін оқу кезінде оқытудың интерактивті түрлері арасында «Сот талқылауы» іскерлік ойыны ерекше орын алады.

Мұндай сабақтың негізгі мақсаты – бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді қарау мен шешудің практикалық тәжірибесін алу, сондай-ақ болашақ мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту.

Осылай, үстіміздегі жылдың 02 қазаны «Азаматтық процестік заңнамасының нормаларын қолдану» пәнінен іскерлік ойын ретінде сот отырысы өткізілді.

24-1 қ және 24-2қ тобының магистранттары судья қызметін және іске қатысушылар рөлін атқарып көрді.

Әр топ талап қою іс жүргізуі тәртібімен әртүрлі азаматтық іс бойынша дайындалып сот талқылауында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің нормаларына сәйкес процестік әрекеттерді келесі кезекте жүргізген болатын:

  • сот отырысын ашу және қаралуға жататын іс туралы, сондай-ақ сот отырысында аудио-, бейнежазба құралдары пайдаланылатыны туралы хабарлау;
  • процеске қатысушылардың келуiн тексеру;
  • куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу;
  • сот құрамын жария ету және қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiру;
  • іске қатысатын тұлғаларға олардың процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру;
  • соттың iске қатысатын тұлғалардың өтінішхаттарын шешуi;
  • маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру;
  • істi мәнi бойынша қарауды бастау;
  • іске қатысатын тұлғалардың түсiнiктемелерiн тыңдау және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу;
  • айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту;
  • куәдан жауап алу;
  • жазбаша, заттай және электронды дәлелдемелердi зерттеу;
  • маманның консультациясын (түсiндiрмесiн) тындау;
  • істi мәнi бойынша қарауды аяқтау;
  • сот жарыссөздерiн, репликалар айту;
  • прокурордың қорытындысын тындау;
  • соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi;
  • соттың шешiмi қабылданып, оған қол қойылғаннан кейiн судья шешiмді жария етті, оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді;
  • сот отырысын жабық деп жариялады.

Сот отырысын өткізген соң іскерлік ойынға қатысқан магистранттардың жасаған әрекеттері оқытушы Е.О. Егембердиевпен бағаланып, артықшылықтары мен кемшіліктері айтылды. Оқу процесі болғандықтан барлығы ашық әрі жан-жақты талқыланды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024