



Магистранттардың мотивациясын арттыру және жан-жақты дамыту мақсатында Академияның азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы 2025-2026 оқу жылында жаңа дәстүр – үздік магистранттарға мадақтама табыстау дәстүрін орнатты. Марапаттау критерийлері оқуға деген адал көзқарас, мінсіз тәртіп, сондай-ақ Академияның ғылыми және спорттық өміріне белсенді қатысу болды.
Орталық тарихындағы алғашқы мадақтамалардың иегерлері келесі магистранттар Бадамбай Ақбота Ерғалиқызы, Құрманғалиева Сәуле Қанапиқызы, Таңатар Әсет және Ахметова Айсұлу Болатқызы болды.
Осы іс-шара басқа магистранттарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын маңызды прецедент орнатты.