Баку қаласындағы халықаралық конференция

2024 жылғы 17–18 желтоқсан аралығында Баку қаласында Түркі сот-құқықтық даярлау желісінің (TJTN) аясында «Құқықтық қатынастардағы трансұлттық аспектілер: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен мақсаттар» атты халықаралық конференция өтті, оны Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының Ғылыми-оқу орталығы ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға Қазақстан атынан екі жоғары оқу орны қатысты Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.
Халықаралық конференцияның трансұлттық қылмыс құрбандарын қорғау мәселелеріне арналған панельдік сессиясында Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры, з.ғ.к. Ардақ Биебаева «Трансұлттық қылмыс құрбандарын қылмыстық-құқықтық тетіктердің көмегімен қорғаудың қазақстандық тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры, PhD Майгүл Әбілова түркі елдерінің коммерциялық құқығына арналған панельдік сессия аясында «Қазақстанның коллизиялық құқығындағы трансұлттық мәмілелер: реттеу және құқық қолдану» тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми-практикалық іс-шараның қорытынды бөлімінде Түркі сот-құқықтық даярлау желісінде (TJTN) төрағалық етуді тапсыру рәсімі өтті. Осы құрметті миссияны Қазақстан атынан қабылдай отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев Түркі сот-құқықтық даярлау желісі тәжірибе алмасу және құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтіп, 2025 жылы төрағалық етуші ел ретінде қол жеткізілген нәтижелерді дамытуға және өзара іс-қимылды күшейтуге дайын екендігіне қатысушыларды сендірді
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024