





Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс кездесуі аясында Coventry University Kazakhstan университетінде болды.
Кездесуге Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері – С.С. Жунуспекова және А.С. Исаева, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. К.К. Мусин, Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры М.Н. Абилова, зерттеу және халықаралық жобалардың үйлестірушісі Н.Д. Мұратбек, Coventry University Kazakhstan Президенті М.М. Дауленов, сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты..
Сапар аясында қатысушылар Coventry University Kazakhstan кампусымен танысып, жасанды интеллект саласындағы зертханаларды қоса алғанда, заманауи оқу және ғылыми зертханаларды аралап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Атап айтқанда, мұндай технологияларды білім беру процесіне, оның ішінде Сот төрелігі академиясының магистранттарын даярлау барысында енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар серіктестікті дамытуға өзара қызығушылық білдіріп, ағымдағы кезеңде практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара іс-қимылдың нақты нысандары мен бағыттары пысықталатынын атап өтті.